Пайдаланушы келісімі

Өз қолымен қойған қол баламасын пайдалану туралы келісім

Алматы, 2018 ж.

Бұл Келісім «ЮНИКРЕДО МҚҰ» ЖШС («Қарыз беруші») мен осы Келісім талаптарына қосылған https://www.gmoney.kz/ сайтын пайдаланушылар («Қарыз алушы» / «Өтінім беруші») арасындағы құжат айналымы барысында өз қолымен қойған қолдың баламасын пайдалану талаптарын белгілейді.

https://www.gmoney.kz/ сайтындағы «ӨҚБ пайдалану туралы келісім талаптарын қабылдау» жолына белгі қоя отырып және осы сайтты әрі қарай пайдалана отырып, пайдаланушы осы Келісім талаптарына сөзсіз қосылады.

1. Терминдер мен анықтамалар

1.1. Осы Келісімде қолданылатын терминдер мен анықтамалар келесі мағынаға ие:

ӨҚБ Өз қолымен қойған қолдың баламасы — Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Келісім талаптарына сәйкес құрылатын қарапайым электронды қол.
Қарыз шарты Жеделдік, ақылық және қайтарымдылық талаптарымен Қарыз алушының шартты жасау туралы Офертасын Қарыз берушінің акцептеу жолымен жасалған шарт.
Қарыз Қарыз беруші Қарыз алушыға Қарыз шарты негізінде ұсынған 200 000 (екі жүз мың) теңгеден аспайтын сомадағы ақша қаражаты. «Кредит», «қарыз», «микроқарыз» терминдері осы Қағидалардағы «Қарыз» терминімен мағыналас болып есептеледі.
Қарыз алушы / Жаңа қарыз алушы ҚР азаматы болып табылатын, Қарыз алуға өтініш берген немесе алғаш рет Қарыз шарты жасалған 18 жастан асқан әрекет қабілеті бар жеке тұлға.
Тұрақты қарыз алушы Офертасы негізінде 2 және одан да көп Қарыз шарттарын ресімдеп, олар бойынша міндеттемелерін толық орындаған ҚР азаматы.
Өтінім беруші Сайтта Өтінім/Оферта толтыру жолымен Қарыз шартын жасауды көздейтін 18 жастан асқан ҚР азаматы.
Қарыз алуға өтінім Қарыз шартын жасау туралы Оферта түріндегі Өтінім берушінің Қарыз берушіге жасайтын ұсынысын қамтитын нысан.
Электронды қол туралы заң ҚР-ның 07.01.2003 ж. № 370-II «Электронды құжат және электронды цифрлық қол туралы» заңы.
Тіркелген нөмір Сайтта тіркелу кезінде Өтінім берушінің көрсеткен және растаған мобильді телефон нөмірі.
Тіркелген пошта жәшігі Сайтта тіркелу кезінде Өтінім беруші көрсеткен электронды пошта мекенжайы.
Сәйкестендіргіш СМС-кодты пайдаланған кезде автоматты түрде құрылатын бірегей символдық код. Белгілі бір Қарыз алушының сәйкес құжатқа қол қою фактісін растайды.
Жеке кабинет Қарыз алу және қайтарумен, шарттар туралы ақпарат алумен байланысты іс-әрекеттерге арналған Сайттың жабық бөлімі.
Логин Жеке кабинетке кіру үшін қолданылатын — Қарыз алушының тіркелген мобильді нөміріне сәйкес келетін белгілеу.
Оферта Өтінім берушінің Қарыз берушіге жолдайтын Қарыз шартын жасау туралы ұсынысы.
Пароль Жеке кабинетке кіру мақсатында Қарыз алушыны сәйкестендіру үшін қолданылатын конфиденциалды символдық белгілеу.
Тіркеу Өтінім берушіні сәйкестендіруге және оның бейінін құруға алып келетін ақпаратты Қарыз берушіге жолдау процесі.
Сайт Интернет желісіндегі https://www.gmoney.kz/ мекенжайындағы ресми сайт.
Сервис Сайтқа орналастырылған, Өтінім берушіге Қарыз шартын жасауға және Қарыз берушімен электронды нысанда өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін онлайн-сервис.
СМС-код Қарыз алушыға СМС арқылы ұсынылатын бірегей конфиденциалды символдық код — Электронды қол туралы заң нормаларына сәйкес қарапайым электронды қол.
Келісім ӨҚБ пайдалану туралы осы келісім.
Сәйкестендіру құралдары Жеке кабинетке кіруге қажетті логин мен пароль.

1.2. Осы Келісімде қолданылатын өзге терминдер мен сөз тіркестері оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен берілетін мағынаға ие.

2. Келісімнің мәні

2.1. Бұл Келісім тараптар арасындағы электронды құжат айналымы үшін, сонымен қатар Қарыз шартын жасап, өзгертіп, орындау үшін сайтты пайдалану барысында Қарыз алушының ӨҚБ қолдану тәртібі мен талаптарын белгілейді. Сондай-ақ, бұл Келісім тараптардың электронды құжаттарды құрумен, жөнелтумен және алумен, сайтты пайдаланумен байланысты туындайтын құқықтары мен міндеттерін белгілейді.

2.2. Тараптардың арасындағы электронды түрде өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында Қарыз беруші Қарыз алушыға электронды қолдың кілттерін ұсынады, берілген кілттердің тізілімін жүргізіп, жаңартып отырады, жүйенің жұмысына қолдау көрсетеді, сонымен қатар осы Келісімде көзделген басқа да іс-әрекеттерді жасайды.

3. ӨҚБ пайдалану

3.1. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 152-бабының және «Электронды құжат және электронды цифрлық қол туралы» заңның 12-бабының 2-б. басшылыққа ала отырып, тараптар осы Келісімнің 3.2. т. талаптарына сәйкес келетін барлық құжаттың Қарыз алушының ӨҚБ-мен қойылған болып есептелетіні туралы келісімге келді.

3.2. Электронды құжат жалпы алғанда келесі талаптарға сәйкес келетін болса, Қарыз алушының ӨҚБ-мен қол қойылған болып есептеледі:

3.2.1. Электронды құжат сайт жүйесін пайдалана отырып құрылды және (немесе) жөнелтілді.

3.2.2. Электронды құжаттың мәтініне Қарыз алушы сайттағы арнайы интербелсенді жолға енгізген СМС-кодтың негізінде жүйе құрған сәйкестендіргіш енгізілген.

3.3. Қарыз беруші СМС-кодты Қарыз алушыға тіркелген нөміріне СМС-хабарлама жолдау жолымен ұсынады. СМС-код конфиденциалды болып есептеледі және жеке Қарыз алушыға ұсынылған болып саналады.

Маңызды: СМС-код жүйенің қатысуымен жіберілетін электронды құжатқа қол қою үшін бір рет қолданылуы мүмкін. СМС-кодты 5 (бес) минуттың ішінде пайдаланбаған жағдайда оның жарамдылық мерзімі аяқталады және жаңа СМС-код алу қажет болады.

3.5. Тараптардың келісімі бойынша Қарыз алушының/Өтінім берушінің ӨҚБ қол қойылған кез келген ақпарат Қарыз алушының өз қолымен қол қойған қағаз тасымалдаушыдағы құжатқа тең электронды құжат болып мойындалады және осы құжатқа барабар заңдық зардаптарға алып келеді.

4. Электронды қолды тексеру қағидалары

4.1. Қарыз алушының/Өтінім берушінің электронды құжатқа қол қою фактісі келесі мәліметтерді салыстыру жолымен анықталады:

4.1.1. Электронды құжаттың мәтініне енгізілген сәйкестендіргіш.

4.1.2. Электронды құжатқа қол қою үшін қолданылған СМС-код.

4.1.3. Белгілі бір Қарыз алушыға/Өтінім берушіге жүйеде сақталатын СМС-кодтың ұсынылғаны туралы ақпарат.

4.1.4. Сайтты пайдалану барысында жүйедегі электронды журналдарда автоматты түрде тіркелген Қарыз алушының белсенділігі туралы техникалық деректер.

4.2. Тараптармен жасалған заңды маңызы бар іс-әрекеттер туралы мәліметтерді сақтап қалу мақсатында Қарыз беруші электронды құжаттарды сақтайды. Логтарды құрудың автоматтандырылған жүйесі тараптарға қайсы бір электронды құжатты қай Қарыз алушының және қай уақытта құрылғанын, қол қойғанын немесе жөнелткенін шынайы анықтауға мүмкіндік береді.

4.3. Тараптар осы Келісімнің 4.1. т. көрсетілген Қарыз алушыны анықтау әдісінің шынайы аутентификациялау және осы Келісімді орындау мақсатында жеткілікті болып табылатындығымен келіседі.

5. Конфиденциалдық

5.1. Қарыз алушы/Өтінім беруші төмендегілерге міндетті:

5.1.1. Кез келген үшінші тұлғаға өз атына тіркелген пароль мен конфиденциалды СМС-код туралы ақпаратты жарияламау, барлық мәліметтерді құпияда сақтауға қажетті барлық іс-шараларды қолдану.

5.1.2. Үшінші тұлғаларға тіркелген нөмірді пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін SIM-картаны бермеу.

5.1.3. Үшінші тұлғаларға тіркелген пошта жәшігіне қол жеткізу мүмкіндігін бермеу.

5.1.4. Қарыз берушіге мәліметтердің құпиялығының бұзылғаны туралы, SIM-картаға бақылауды жоғалтқаны туралы дереу хабарлау.

5.2. Осы Келісімнің 5.1.4. т. көрсетілген хабарлама https://www.gmoney.kz/ мекенжайына электронды хабарламаны жолдау арқылы жөнелтіледі (сәйкес хабарламада Қарыз алушы/Өтінім беруші төлқұжатының сканирленген көшірмесі болуы тиіс).

5.3. Қарыз алушы/Өтінім беруші 5.1.1. — 5.1.4. т. қарастырылған міндеттердің орындалмауымен байланысты туындауы мүмкін барлық жағымсыз зардаптар тәуекелін өзі арқалайды.

5.4. Жүйе Қарыз алушыға/Өтінім берушіге тіркелген СМС-код пен пароль туралы ақпараттың конфиденциалдығын қамтамасыз етеді. Ақпаратқа тек Қарыз берушінің уәкілетті қызметкерлері ғана қол жеткізе алады.

6. Тараптардың жауапкершілігі

6.1. Тараптар өзге тарапқа келтірілген шынайы шығын сомасы шегінде осы Келісім бойынша өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершілік арқалайды.

6.2. Қайсы бір бұзушылықты жіберген тараптың кінәсіздігі дәлелденбейтін болса, тараптар осы Келісім бойынша жауапкершілік арқалайды.

6.3. Бұзушылық өзге Тараптың міндеттемелерін тиісті түрде орындамауы салдарынан болса немесе еңсеруге келмейтін күш жағдайы салдарынан болса, тараптар жауапкершіліктен босатылады.

7. Келісімге қосылу және оны өзгерту тәртібі

7.1. Осы Келісім талаптарын акцептеу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 394-бабының 2-бөлігінде қарастырылған нысанда, яғни осы Келісімнің 7.2. т. көрсетілген іс-әрекеттерді жасау арқылы жүзеге асырылады.

7.2. Сайтта «ӨҚБ пайдалану туралы келісім талаптарын қабылдау» жолына белгі қоя отырып және сайтты әрі қарай пайдалана отырып, Қарыз алушы/Өтінім беруші осы Келісімнің талаптарына толық көлемде қосылады.

7.3. Қарыз беруші осы Келісім талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге (толықтыруға) құқылы. Келісімнің жаңа редакциясы сайтта жарияланады. Қарыз алушы/Өтінім беруші жаңа редакция күшіне ене салысымен Қарыз шартын жасау Өтінімін ресімдеуге көшетін болса, бұл оның Келісімнің жаңа редакциядағы талаптарын қабылдағаны болып мойындалады.

8. Қорытынды ережелер

8.1. Қарыз алушының/Өтінім берушінің Сервисті бүкіл пайдалану кезеңі ішінде Келісім өз заңдық күшін сақтап қалады.

8.2. Осы Келісімнің күші тоқтатылғаннан кейін Қарыз алушының/Өтінім берушінің Қарыз шартын жасауға Өтінімді ресімдеу үшін Сайтты пайдалануға құқығы жоқ. Қарыз алушы/Өтінім беруші осы Келісімнің талаптарына қосылған жағдайда Сайтты көрсетілген мақсатта әрі қарай пайдалануға болады.


«ЮНИКРЕДО МҚҰ» ЖШС

Бас директоры                              Сарсембаева Л.Б.

404 отзыва