Кредит беру ережелері

«ЮНИКРЕДО МҚҰ» ЖШС Директоры

БЕКІТТІ

________________Кан Ю.В.

 

 

« ЮНИКРЕДО МҚҰ » ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ

ҚАРЫЗДАРДЫ БЕРУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

ҚАҒИДАЛАРЫ

 

 

Алматы, 2018 ж.

 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Қарыздарды ұсыну және оларға қызмет көрсету туралы осы қағидалар (бұдан әрі-Қағидалар) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әзірленген. Бұл Қағидалар Қарыздың ұсынылуымен байланысты «ЮНИКРЕДО МҚҰ» ЖШС ( бұдан әрі - «Қарыз беруші») мен Өтінім берушілер/Қарыз алушылар (бұдан әрі«Өтінім беруші»/«Қарыз алушы») болып табылатын жеке тұлғалар арасында туындайтын қарым-қатынасты реттеу мақсатында әзірленген.

Қағидалар Өтінім берушінің Қарыз шартын жасау туралы Өтінімді/Офертаны беру талаптары, Қарыз берушінің Офертаны акцептеу тәртібін, сонымен қатар Қарыз шартының талаптарын тиісті түрде орындауға арналған ақпаратты белгілейді.

1.2. Ұйымның толық атауы – «ЮНИКРЕДО МҚҰ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (қысқартылған атауы – «ЮНИКРЕДО МҚҰ» ЖШС).

«ЮНИКРЕДО МҚҰ» ЖШС заңды мекенжайы: Бостандық ауданы, Розыбакиев к-сі, 285А үй, 34-жай.

Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі тіркеу нөмірі: БСН 071140024917.

« ЮНИКРЕДО МҚҰ » ЖШС-мен байланыс жүзеге асырылатын байланыс телефоны: +7 (727) 250-98-32.

Интернет ақпараттық-телекоммуникация желісіндегі ресми сайт: https://www.gmoney.kz/ .

1.3. . Бұл Қағидалар танысу үшін барлық адамға қолжетімді және Интернет желісіндегі ресми сайтқа орналастырылады https://www.gmoney.kz/ . Қағидалар қарыз беруші мен Қарыз алушы арасында жасалған Қарыз шартының ажырамайтын бөлігі болып табылады.

2. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР.

Осы Қағидаларда келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

Акцепт – Қарыз берушінің Өтінім берушінің Оферта талаптарымен келісімі, бұл Қарыз алушыға/Өтінім берушілерге осы Қағидаларда көрсетілген мерзімде және тәртіппен қарыз сомасының аударылғанын білдіреді.

Сыйақы – Қарызды пайдаланған әрбір күнге Қарыз берушінің төлемақысы, ол жылдық мөлшерінің есебінен негізгі борышқа пайыздық қатынаста белгіленеді.

Қарыз шарты – осы Қағидаларға сәйкес ресімделген, Қарыз алушының жеделдік, ақылық және қайтарымдылық талаптарымен шарттың жасалғаны туралы Офертасын Қарыз берушінің Акцептеуі арқылы Қарыз алушы мен Қарыз берушінің арасында жасалған шарт.

Қарыз алушы/Жаңа Қарыз алушы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, Қарыз беру туралы өтінімді/Офертаны берген немесе Қарыз алушы Өтінімде баяндалған ұсыныс (Оферта) негізінде алғаш рет Қарыз шартын жасасқан 18 жастан асқан қабілетті жеке тұлға.

Тұрақты қарыз алушы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, Өтінімде баяндалған жасалған ұсыныс (оферта) негізінде 2 (екі) және одан да көп Шартты ресімдеген және Шарттарда көрсетілген күннен кешіктірмей олар бойынша міндеттемелерін толық орындаған 18 жастан асқан қабілетті жеке тұлға.

Берешек – Қарыз алушы Қарыз берушіге Қарыз шарты бойынша төлеуге тиісті ақшалай сомалар, сонымен қатар Негізгі борыш сомасы, Қарызды пайдаланғаны үшін есептелген, бірақ төленбеген Сыйақы сомасы, комиссиялар, айыппұлдар, тұрақсыздық айыптары, өсімақылар мен Қағидаларда және/немесе Қарыз шартында қарастырылған басқа да төлемдер.

Қарыз – Қарыз шарты негізінде қарыз беруші Қарыз алушыға ұсынған 200 000 (екі жүз мың) теңгеден аспайтын сомадағы Қазақстан Республикасының валютасы-теңгедегі ақша қаражаты.

Қарыз берушінің  https://www.gmoney.kz/   сайтында қолданылған «кредит», «қарыз», «микроқарыз» терминдері тең және осы Қағидаларда көрсетілген «Қарыз» терминімен бірдей мағыналық жүктемені қамтиды деп есептелсін.

Қарыз беруші – Өтінім беруші жолдаған Офертаны Акцептеу арқылы Қарыз шартын жасасқан «ЮНИКРЕДО МҚҰ» ЖШС.

Тіркелген нөмір – Сайтқа тіркелетін кезде немесе белгіленген рәсімге сәйкес Өтінім деректерін кейіннен өзгерту барысында өтінім беруші/қарыз алушы көрсеткен және растаған өтінім берушінің/қарыз алушының мобильді телефон нөмірі.

Тіркелген пошта жәшігі – Сайтқа тіркелетін кезде немесе белгіленген рәсімге сәйкес Өтінім деректерін кейіннен өзгерту барысында өтінім беруші көрсеткен Қарыз алушының электронды поштасының мекенжайы.

Өтінім беруші – Қарыз берушінің Сайтында Өтінім/Оферта толтыру жолымен Қарыз шартын жасауды көздейтін Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жасы 18-ден асқан қабілетті жеке тұлға.

Қарыз алу туралы өтінім – нысаны Қарыз берушінің ресми сайына орналастырылған, Қарыз шартын жасау туралы Оферта түріндегі Қарыз алушының Қарыз берушіге ұсынысын қамтитын құжат. Өтінім беруші туралы, өтінім берушіге Қарыз беру немесе Қарызды беруден бас тарту туралы шешім қабылдауға қажетті ақпаратты жинап, бір жүйеге келтіруге арналған нысан.

Лимит – Қарыз алушы алуы мүмкін максималды қарыз мөлшері. Қарыз беруші лимитті Қарыз алушыдан алған ақпаратқа тәуелсіз дербес белгілейді және оны Қарыз беруші кез келген уақытта барлық қарыз алушылар үшін, сондай-ақ олардың әрбіреуі үшін бөлек-бөлек біржақты тәртіппен өзгерте алады. Лимит белгілеу қарыз берушіні өтінім берушімен/қарыз алушымен Қарыз шартын жасауға міндеттемейді және Қарыз шартын жасауға Офертаны ұсынатын кезде Өтінім берушіні ақпараттандыру үшін жүзеге асырылады.

Жеке кабинет – Өтінім берушінің/Қарыз алушының қарызды алумен және қайтарумен, қарыз шарттары туралы ақпарат алуымен байланысты әрекеттерді жасауына арналған Сайттың жария қол жеткізуден жабық бөлімі.

Логин – Жеке кабинетке қол жеткізу мүмкіндігін ұсыну мақсатында Қарыз алушыны сәйкестендіру үшін қолданылатын Қарыз алушының тіркелген мобильді нөмірімен сәйкес келетін символдық белгілеу.

Негізгі борыш – Қарыз шартын жасау шеңберінде Қарыз алушының қарыз берушіден алған ақша қаражаты сомасын құрайтын Қарыз алушы қайтармаған (өтемеген) Қарыз алушы берешегінің бір бөлігі.

Оферта – Өтінім беруші Қарыз берушіге жолдайтын, Өтінімде көрсетілген осы Қағиданың талаптарымен Қарыз шартын жасау туралы ұсыныс.

Пароль – Өтінім беруші құрған немесе Сайтқа тіркелетін кезде Өтінім берушіге ұсынылған немесе кейіннен өзі белгілеп, Жеке кабинетке кіру мүмкіндігін ұсыну мақсатында Қарыз алушыны/Өтінім берушіні сәйкестендіру үшін қолданылатын конфиденциалды символдық белгілеу.

Дербес деректерді өңдеуге қатысты саясат – «ЮНИКРЕДО МҚҰ» ЖШС бекіткен құжат, ол Өтінім берушілер мен қарыз алушылардың дербес деректерін жинау, сақтау және өңдеу тәртібін белгілейді.

Қағидалар – қарыздарды ұсыну мен қызмет көрсету туралы осы қағидалар.

Шартты ұзарту – Шарттың әрекет ету мерзімін ұзарту.

Тіркеу–  Өтінім берушіні сәйкестендіруге және оның бейінін құруға алып келетін ақпаратты қарыз берушіге жолдау процесі.

Сайт – Интернет желісіндегі https://www.gmoney.kz/ мекенжайындағы ресми сайт. Сайттың графикалық интерфейсі Қарыз ұсынуды ұйымдастыруға арналған.

Сервис – Сайтқа орналастырылған, Өтінім берушіге Қарыз шартын жасау офертасын ресімдеуге, сонымен қатар Қарыз берушімен электронды нысанда өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін онлайн-сервис.

СМС-код – Қарыз алушыға СМС-хабарлама (SMS) арқылы ұсынылатын бірегей конфиденциалды символдық код, ол Қазақстан Республикасының 07.01.2003 ж. № 370-II «Электронды құжат және электронды цифрлық қол туралы» заңының нормаларына және Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне сәйкес қарапайым электронды қол болып табылады. Қарыз алушы СМС-кодты Қарыз берушімен алшақтан қарым-қатынас жасау барысында электронды құжаттарға қол қою үшін пайдаланады.

Өз қолымен қойған қолдың баламасын пайдалану туралы келісім – « ЮНИКРЕДО МҚҰ» ЖШС бекіткен құжат, ол арқылы Қарыз алушы/Өтінім беруші Қазақстан Республикасының 07.01.2003 ж. № 370-II «Электронды құжат және электронды цифрлық қол туралы» заңы мен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес өз қолымен қойған қолдың баламасын пайдалану талаптарымен келіседі.

Сәйкестендіру құралдары – Сервисті пайдалану барысында Қарыз алушыны сәйкестендіруге арналған және Қарыз алушының жеке кабинетіне кіруге қажетті логин мен пароль.

Тараптар – бұдан әрі бірігіп Қарыз беруші мен Қарыз алушы/Өтінім беруші деп аталады.

Шот — Офертаға, Қарыз шартына және осы Қағидаларға сәйкес Қарыз беруші Қарыз сомасын аударатын, Өтінім берушіге тиесілі банк картасының шотына/Өтінім берушінің атына ашылған банк шоты.

Есептік жазба – Сайтта көрсетілген Өтінім берушіге/Қарыз алушыға қатысты және қарыз алушы/Өтінім беруші туралы деректер мен оның сайттағы іс-әрекеті туралы деректерді, сонымен қатар авторизациялауға арналған сәйкестендіру деректерін қамтитын электронды тізілім жазбасы.

Қарыз шартының және/немесе Өтінім/Оферта мәтіні бойынша терминді біржақты пайымдау мүмкін болмаған жағдайда осы терминнің бірінші кезекте – осы қағидаларда, екінші кезекте – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген пайымдауы қолданылады.

3. ҚАРЫЗДАРДЫҢ ӨЛШЕМДЕРІ

3.1. Қазақстан Республикасының теңгесі қарыз валютасы болып табылады .

3.2. Қарыз беруші қайтарымдылық, жеделдік және ақылық қағидаларына сүйене отырып, тұтынушылық қарыз береді. Қарыздар кепілдер мен кепілдіктерсіз беріледі.

3.3. Қарыз беруші Қарыз алушыларға Қарызды қолма-қол ақшасыз қаражатпен 10 000 (он мың) теңгеден бастап 200 000 (екі жүз мың) теңгеге дейінгі сомада 5 (бес) күннен 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге ұсынады.

Қарыз аушыға алғашқы үш қарыз Қарыз берушінің қарауына орай 5 (бес) күннен 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге берілуі мүмкін.

3.4. Өтінім беруші офертада қайтаруға жататын Қарыз сомасы мен есептелген сыйақы сомасын және Қарыздың берілу мерзімін белгілейді. Бұл ретте Қарыз беруші Өтінім беруші ұсынған деректерге сүйене отырып және басқа да межелерді басшылыққа ала отырып, өтінім беруші сұратқа мөлшерде Қарыз беру мүмкіндігін өз бетімен анықтайды. 

 

4. ӨТІНІМ БЕРУШІГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

4.1. Өтінім берушінің Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт.

4.2. Офертаны жолдайтын сәтте Өтінім берушінің жасы 18 (он сегізден) кем болмауы тиіс.

4.3. Өтінім берушінің құқықтық және әрекет қабілеті, сондай-ақ Оферта жолдап, Шарт талаптарын орындау жолымен Қарыз шартын жасауға қажетті және жеткілікті барлық құқықтары мен өкілеттіктері болуы тиіс.

4.4. Өтінім берушінің Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркеуі болуы тиіс.

4.5. Өтінім берушінің жеке басын куәландыратын негізгі құжаты болуы тиіс.

4.6. Өтінім берушінің қарызға алынған ақша қаражатынан басқа тұрақты табысы болуы тиіс.

4.7. Өтінім берушінің Қазақстан Республикасы банктерінің бірінде өз атына ашылған банк шоты болуы тиіс.

4.8. Өтінім берушінің өз атына тіркелген Қазақстан Республикасында ұялы байланыс операторының мобильді телефон нөмірі болуы тиіс.

4.9. Өтінім берушіде өтінім беретін сәтте Қарыз берушінің және/немесе үшінші тұлғалардың алдында өтелмеген қарызы болмауы тиіс.

4.10. Өтінім берушіде өтінім беретін сәтте атқарушылық өндіріс бойынша шектеулер болмауы тиіс.  

 

5. ҚАРЫЗ БЕРУШІНІҢ САЙТЫНДАҒЫ  ЖЕКЕ КАБИНЕТ ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ҚАРЫЗ АЛУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ

5.1. Қарыз шарты Қарыз берушінің Өтінім берушінің офертасын акцептеуі арқылы жасалады.

5.2. Оферта нысаны алдын ала белгіленген және Өтінім беруші Өтінімде ұсынған ақпараттың негізінде Сайтта автоматты түрде толтырылады.

5.3. Өтінім беруші Офертаны жолдамас бұрын Сайтта орналасқан осы қағидалармен, Өз қолымен қойған қолдың баламасын пайдалану туралы келісіммен және дербес деректерді өңдеуге қатысты Саясатпен танысуға міндетті.

5.4. Қарыз алуды көздейтін өтінім беруші Қарыз берушінің қарауына орай шешім қабылдауға қажетті ақпаратты ұсыну арқылы Сайтқа тіркелуі тиіс: тегі, аты, әкесінің аты, азаматтығы, жынысы, туған күні мен жері, жеке куәлік деректері, ЖСН, тіркелген және тұрғылықты мекенжайы, отбасылық жағдайы, соңғы жерде тұратыны туралы мәліметтер, өзі тұратын тұрғынүйдің меншік иесі, немен шұғылданатыны туралы мәліметтер, ай сайынғы табыстары мен шығындары туралы, білімі туралы мәліметтер, Қазақстан Республикасының банктерінде кредиттерінің бар-жоғы туралы мәліметтер, мобильді телефон нөмірі, үй немесе жұмыс телефондары, электронды поштаның мекенжайы.

5.5. Қарыз алушы/Өтінім беруші төмендегілерге өз келісімін береді:

5.5.1. Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес кез келген байланыс құралдарын пайдалана отырып, Сайт, СМС-хабарламалар арқылы ауызша не жазбаша түрде Қарыз берушіге еркін, дербес және өз мүддесінде табыстайтын өз дербес деректерін Қарыз берушінің өңдеуіне және табыстауына;

5.5.2. дербес деректерін Қарыз шартын жасау немесе Қарыз беруден бас тарту мақсатында, сонымен қатар Қарыз алушы Қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін бұзған жағдайда берілген ақша қаражатын соттық немесе соттан тыс тәртіппен кейіннен өндіріп алу үшін пайдалануға;

5.5.3. Қарыз алушы қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін тиісті түрде толық орындағанша Қарыз берушінің алынған барлық дербес деректерді пайдалануға құқылы болатындығымен;

5.5.4. өзге компаниялардың ұсыныстары туралы ақпаратты жолдау құқығынсыз, Қарыз берушіден электронды байланыс құралдары, яғни E-mail және СМС жолдамалар арқылы Қарыз берушінің қызметтері мен акциялары туралы жарнама материалдары мен ақпарат алып отыруға;

5.5.5. Қарыз берушінің Қарыз алушының/Өтінім берушінің төлем қабілетін тексеру мақсатында кез келген үшінші тұлғадан олар туралы ақпаратты сұратуға құқылы болатынын;

5.5.6. на передачу Займодателем сведений в кредитные бюро с целью получения информации о Заявителе. Право выбора кредитного бюро с целью получения информации о заявителе.

Кредиттік бюроны таңдау құқығы Қарыз берушіге ұсынылады.

5.6. Қарыз алушы Өтінім бере отырып, Өтінімде көрсетілген барлық мәліметтің толық, дәл әрі шынайы болып табылатынын және Қарыз алушыға қатысты екенін, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетінін растайды, Дербес деректерді өңдеуге қатысты Саясатты және Өз қолымен қойған қол баламасын пайдалану туралы келісімді қабылдайды, Сайтқа тіркелетін кезде Өтінімді толтыру барысында көрсетілген Өтінім берушінің мобильді телефон нөміріне келген СМС хабарламадағы кодтың көмегімен Оферта талаптарымен келісетінін растайды. Көрсетілген код бірегей болып табылады және Қазақстан Республикасының 07.01.2003 ж. №370-II « Электронды құжат және электронды цифрлық қол туралы» заңының нормалары мен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес өз қолымен қойған қолдың баламасы болып табылады.

5.7. Қарыз алуды көздейтін Өтінім беруші Өтінімді толтыратын кезде Қарыз сомасы мен қарыз мерзімін белгілеуі тиіс.

5.8. Қарыз алу туралы Өтінімді беретін кезде қарыз алушыға/Өтінім берушіге төменде көрсетілген әдістердің бірімен ақша қаражатын қарызға алуды таңдау құқығы беріледі:

5.8.1. Ақша қаражатын Қарыз алу туралы өтінімді беретін сәтте нақты иелігінде болуға тиісті банктік төлем картасына аудару жолымен.

5.8.2. Ақша қаражатын Қарыз алу туралы өтінімді беретін сәтте нақты иелігінде болуға тиісті Қарыз алушының/Өтінім берушінің атына ашылған банк шотына аудару жолымен.

5.8.3. Қарыз берушінің офисінде қолма-қол ақша қаражатын алу жолымен.

5.9. Өтінім берушінің сайтындағы Жеке кабинет механизмін пайдалану құралдары бойынша Қарыз берушіге Оферта жолдай отырып, Өтінім беруші өзінің қарыз шартын жасағысы келетінін білдіреді және Офертаның акцепті жағдайында Қарыз шартына қол қойғанын растайды.

5.10. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабының ережелеріне сәйкес Оферта мен онда көрсетілген Қарыз алушыны сәйкестендіретін ақпаратпен бірге (жеке куәлік деректері, ЖСН, тіркелген орны, мобильді телефон нөмірі, электронды поштаның мекенжайы), сонымен қатар арнайы бірегей кодпен (сәйкестендіруші ақпарат жиынтығымен) бірге Қарыз алушының өз қолымен қойған қолдың баламасына тиісті түрде қол қойған болып есептеледі. 

 

6. ҚАРЫЗ ШАРТЫН ЖАСАУҒА ОФЕРТАНЫ ҚАРАСТЫРУ ТӘРТІБІ.

6.1. Қарыз берушінің Өтінімді/Офертаны алуы Қарыз берушіні Өтінімді/Офертаны қарастыруға ғана міндеттейді, бірақ Қарыз шартын жасауға міндеттемейді. Қарыз беруші Өтінім берушінің Офертасын акцептемейінше осы қағидаларда қарастырылған қызметтерді ұсынып, міндеттемелер арқалауға міндетті емес.

6.2. Қарыз беруші алған офертаны Өтінім беруші кері шақыра алмайды.

6.3. Қарыз алу туралы Өтінімді қарастыру мерзімін Қарыз беруші өз бетімен белгілейді. Қарыз алу туралы өтінімді қарастыру мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнінен аспауы тиіс, бұл мерзімге Өтінім берушінің мәліметтерді ұсыну мерзімі кірмейді.

6.4. Қарыз беруші Өтінім берушінің Қарыз шартын жасау туралы шешім қабылдау үшін Офертада және Есептік жазбаны құратын кезде Өтінім беруші көрсеткен деректерді тексереді. Өтінім берушінің байланыс деректерінің шынайылығын растау үшін, сонымен қатар Қарыз шартын жасау туралы шешім қабылдау үшін, Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін Қарыз беруші өз қарауына орай жеңілдетілген сәйкестендіруді қолданады, яғни Өтінім берушіге қатысты оның тегін, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжат деректерін, ЖСН анықтау, мемлекеттік билік органдарының ақпараттық жүйелерінен алынған ақпаратты пайдалана отырып, осы мәліметтердің шынайылығын растау жөніндегі іс-шаралар жиынтығын жүзеге асырады.

6.5. Қарыз беруші Қарыз беру туралы шешім қабылдау үшін өз қарауына орай Өтінім берушінің келесі іс-әрекеттерді жасауын талап етуге құқылы:

6.5.1. электронды пошта немесе Жеке кабинет арқылы Өтінім берушінің жеке басын куәландыратын негізгі құжаттың скан.көшірмесін ұсыну;

6.5.2. электронды пошта немесе Жеке кабинет арқылы Өтінім берушінің қосымша құжаттарының скан.көшірмесін ұсыну (шетелдік төлқұжаты, ЖСН, жүргізуші куәлігі, студенттік билет, зейнетақы куәлігі, әскери билет);

6.5.3. электронды пошта немесе Жеке кабинет арқылы Өтінім берушінің табыстары туралы анықтаманың (жұмыс орнынан анықтаманың, және Қарыз берушінің таңдауы бойынша т.б.) скан.көшірмесін ұсыну;

6.5.4. Өтінім берушіге қатысты Қарыз берушінің сұрақтарына Сайтта, телефон арқылы, интернет-мессенджерлер арқылы жауап беру;

6.5.5. жөнелтушінің жеке басымен қоса байланыс ұйымының қызметкері растаған Өтінім берушінің Қоғамға жеделхат жолдауы;

6.5.6. Қарыз алушының Қоғам офисіне жеке өзінің келуі;

6.5.7. жоғарыда Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжат түпнұсқаларын ұсыну;

6.5.8. Қарыз алушының/Өтінім берушінің жеке өзі қол қоя отырып немесе пошталық курьер) арқылы қағаз тасымалдаушыдағы қарыз беру туралы Өтінімді ұсынуы, бұл ретте Қарыз алу туралы өтінімге қойылған қол нотариалды түрде расталуы тиіс;

6.5.9. Қарыз алушының/Өтінім берушінің Қарыз берушінің талабымен басқа да іс-әрекеттерді жасауы.

6.6. Қарыз беруші Оферта/Қарыз шартының талаптарын Өтінім беруші/Қарыз алушы үшін жақсарту жағына қарай біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы.

6.7. Қарыз беруші Өтінім беруші жолдаған Офертаның, сонымен қатар Өтінім беруші Өтінімде көрсеткен кез келген қосымша ақпараттың негізінде Қарызды ұсыну немесе оны ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

6.8. Қарыз беруші мына жағдайларда Қарыз шартын жасасудан бас тартады:

6.8.1. Өтінім берушінің осы Қағидаларда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі;

6.8.2. Өтінім берушінің қажетті құжаттарды ұсынбауы;

6.8.3. Өтінім беруші ұсынған құжаттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

6.8.4. Өтінім беруші туралы деректердің осы Қағидаларда белгіленген қарыз ұсыну туралы талаптарға сәйкес келмеуі;

6.8.5. Өтінім берушінің жалған ақпарат ұсынуы;

6.8.6. Өтінім берушіде қарыз берушінің алдында бұрын ұсынылған қарыз бойынша өтелмеген берешегінің болуы;

6.8.7. Қарыз берушінің Өтінім берушінің болжамды төлем қабілетсіздігі туралы ақпаратты, Өтінім берушінің үшінші тұлғалардың алдындағы өз міндеттемелерін тиісті түрде орындамағаны туралы мәліметтерді алуы.

6.8.8. Өтінім берушінің дербес деректерді табыстауға және өңдеуге келіспеуі, сонымен қатар осы қағидалардың талаптарымен, дербес деректерді өңдеуге қатысты Саясатқа және Өз қолымен қойған қолдың баламасын пайдалану туралы келісім талаптарына қосылмауы.

6.9. Қарыз берушінің қарыз шартын жасаудан бас тартуы Өтінім берушіге Қарыз алу туралы жаңа Өтінімді/Офертаны беруіне кедергі келтірмейді.

6.10. Қарыз беруші Өтінім берушіге қабылданған шешім туралы, қарыз беру немесе Өтінім берушімен Қарыз шартын жасаудан бас тартатыны туралы кез келген қолжетімді әдіспен, оның ішінде электронды пошта және/немесе мобильді телефонға СМС-хабарлама және/немесе Сайтқа хабарлама жолдау арқылы және/немесе телефон қоңырауы және/немесе Қарыз берушінің офисінде Қарыз берушінің Қызметкері арқылы хабарландырады. Бас тарту себебі Өтінім берушіге жазбаша түрде өтінім берушіден бас тарту себебі туралы жазбаша сұратуды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылуы мүмкін, оған қойылатын қол нотариалды түрде расталады.

6.11. Қарыз беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда Қарыз беруші төмендегілерді орындауға тиіс, бірақ міндетті емес:

6.11.1. Өтінім берушінің банк шотына иелік етуі мен пайдалануының құқықты түрде қабілеттілігін тексеру үшін 100 (жүз) теңге шегіндегі соманы есептен алады немесе шотты бұғаттай алады, бірақ міндетті емес. Бұл соманы Кепіл беруші (сома есептен алынған жағдайда) немесе төлем жүйесі (сома бұғатталған жағдайда) шотқа бір банк күні ішінде қайтарады. Өтінім беруші Сайтта осы мақсатта қарастырылған жолға есептен шығарылған сомаға тең санды енгізуге міндетті.

6.11.2. Өтінім берушінің банк шотына өкімдік етуінің құқықты түрде қабілеттілігін тексеру үшін Қарыз беруші Өтінім берушінің банк шотына 100 (жүз) теңге шегіндегі соманы жіберуі мүмкін, бірақ міндетті емес. Өтінім беруші Сайтта осы мақсатта қарастырылған жолға алынған сомаға тең санды енгізуге міндетті.

6.11.3. Өтінім берушінің банк шотына өкімдік етуінің құқықты түрде қабілеттілігін тексеру үшін Өтінім беруші қарыз берушінің талабымен өзінің жеке шотынан қарыз берушінің банк шотына 10 (он) теңге мөлшеріндегі ақша аударымын немесе Өтінім берушінің қарауына орай кез келген өзге соманы жіберуі тиіс. Қарыз беруші Өтінім берушіге төлем мақсатында көрсетілуге тиісті дәл сөз тіркесін хабарлайды (мысалы: « қарыз шартын жасауды ұсынамын»).

6.12. Нақтылаушы ақпарат алу үшін Өтінім беруші/Қарыз алушы Қарыз берушіге +7(727) 2509832 нөмірі арылы Байланыс орталығына телефон шалу арқылы жүгіне алады. 

 

7. ОФЕРТАНЫ АКЦЕПТЕУ МЕН ҚАРЫЗ ҰСЫНУ ТӘРТІБІ

7.1. Офертаны акцептеу Қарыз берушінің Офертаның барлық талаптарымен келісетінін, Акцепттің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес Қарыз шартымен тең екенін білдіреді.

7.2. Офертаны акцептеген жағдайда Қарыз беруші осы Қағидалардың 3   тарауында баяндалған өлшемдер мен талаптарды ескере отырып, Өтінім берушіге Қарызды Офертада белгіленген мөлшердегі ақша қаражатын Өтінім беруші Офертада көрсеткен шотқа біржолғы аударым түрінде ұсынады.

7.3. Ақша қаражатының Қарыз алушының шотына түсу мерзімі 5 (бес) банк күнінен аспайды.

7.4. Қарыз алушыға ақша қаражатын ұсыну сәті болып қарыз сомасы Қарыз берушінің банк шотынан есептен алынған күн мойындалады. Бұл сәт Қарыз берушінің Офертаны акцептеуі болып табылады және осы күннен бастап қарыз шарты жасалған болып есептеліп, тараптар ол бойынша өздеріне қабылдаған міндеттемелерді толық орындағанша әрекет етеді.

7.5. Қарыз алушы мен қарыз беруші арасында жасалған Қарыз шарты шеңберінде жүргізілетін барлық төлемдер қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады. 

8. СЫЙАҚЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ

8.1. Қарыз алушы Қарызды пайдаланғаны үшін Қарыз берушіге осы қағидалардың 8.5 т. белгіленген мөлшерде Сыйақы төлеуге міндетті.

8.2. Қарызды пайдаланғаны үшін сыйақы қарызды алған күннен бастап Қарызды қайтаратын күнге дейін (сол күнді қоса есептегенде) қарыз сомасына есептеледі.

8.3. Қарызды пайдаланғаны үшін сыйақы Қарыз сомасын қайтарумен біруақытта төленеді.

8.4. Қарызды пайдаланғаны үшін Сыйақыны есептейтін кезде бір жылдағы күн саны күнтізбелік күндердің нақты санына: 365 немесе сәйкесінше 366, ал күнтізбелік айдағы күн саны – сәйкес айдағы күнтізбелік күннің нақты санына тең деп қабылданады.

Қарызды пайдаланудың минималды мерзімі 5 күнтізбелік күнді құрайды.

8.5. Қарызды пайдаланғаны үшін сыйақы күніне 2% (екі пайыз) мөлшерінде есептеледі.

Қарыз беруші Офертада көрсетілген қарыз сомасы мен өтеу мерзіміне, сонымен қатар Қарыз алушының кредит тарихына байланысты әрбір нақты Қарызға қатысты қарыз сомасын пайдаланғаны үшін Сыйақы мөлшерін есептеу құқығын өзіне қалдырады.

8.6. Қарыз берушімен бұрын бір және одан да көп Қарыз шарттарын жасаған және Қарыз сомасын толық өтеген Қарыз алушы (оның ішінде есептелген сыйақыны, өсімақыны, айыппұлдар мен өзге шығындарды қоса алғанда) Қарыз берушінің қарауы бойынша келесі Қарыз шарттарын жасауға құқылы болады, олар бойынша Сыйақы мөлшері осы Қағидалардың 8.5. т. қарастырылған Сыйақы мөлшерінен азырақ болады.

Қарыз шартында Сыйақы мөлшерін азайту қатаң түрде дербес қарастырылады және себептерін түсіндірместен Қарыз шарты бойынша Сыйақы мөлшерін азайтудан бас тартылуы мүмкін.

 

9. ҚАРЫЗДЫ ҚАЙТАРУ (ӨТЕУ) ЖӘНЕ СЫЙАҚЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

9.1. Қарыз алушы Офертада белгіленген қарыз мерзімі аяқталғаннан кейін Қарыз сомасын қайтарып, есептелген Сыйақыны төлеуге міндеттенеді.

9.2. Қарыз алушы қарыз берушіге Қарыз шарты бойынша қалыптасқан Берешекті өтеу үшін Қарыз алушыны хабарландырмай, қарыз бен есептелген Сыйақыны қайтару мерзімі туындаған кезде қарыз алушының банк шотынан ақша қаражатын есептен шығару құқығын береді. Қарыз шартын жасау жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттерді жасауға Акцепт болып табылады.

9.3. Қарыз сомасы мен есептелген сыйақыны қайтару Офертада белгіленген қарызды қайтаратын күні біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.

9.4. Қарыз алушының қарызды қайтару, ол бойынша Сыйақы төлеу әдісі, сонымен қатар Қарыз алушының Қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындаудың тегін әдісі мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

9.4.1. Ақша қаражатын Қарыз берушінің есеп айырысу шотына қолма-қол ақшасыз жолмен аудару жолымен (комиссия мөлшері банктің тарифтеріне сәйкес белгіленеді);

9.4.2. Банк картасының көмегімен https://www.gmoney.kz/ сайтындағы Қарыз алушының жеке кабинетінде төлеу арқылы;

9.5. Қарыз алушы өтініш негізінде Қарыз берушіге Қарыз сомасын мерзімінен бұрын өтеуге құқылы. Бұл ретте Қарыз алушы Қарыз берушіге Негізгі борыш пен Сыйақыны ақша қаражатын нақты пайдаланған күнге біржолғы төлеммен төлейді. Қарызға алынған ақша қаражатын нақты пайдаланған күнге есептелген сыйақы осы Қағидалардың 8-тарауына сәйкес белгіленеді.

Қарыз алушы Қарыз шартын жасаған күннен бастап 5 (бес) күннен аз мерзім өткеннен кейін Қарыз сомасын мерзімінен бұрын өтегісі келген жағдайда Қарызды пайдаланғаны үшін Сыйақы осы қағидалардың 8.5.т. сәйкес 5 (бес) күнтізбелік күнге тең қарызды пайдаланған күн санына белгіленеді.

9.6. Төлем мерзімін кешіктірмеу мақсатында ақша қаражатын берешекті төлеу есебіне алдын ала аударып қойған жөн. Қарыз алушы үшінші тұлғалардың сервистері арқылы Қарыз берушіге ақша қаражатын аударатын кезде төлемдерді кешіктіру тәуекелін арқалайды. Үшінші тұлғалар қолма-қол ақшасыз аударымдарды жүзеге асырғаны үшін Қарыз алушыдан алатын комиссиялар мен басқа да төлемдердің төлемақысы Қарыз алушыға жүктеледі.

9.7. Берешек сомасы Қарыз берушінің есеп айырысу шотына есепке алынуы қарызды қайтару сәті болып есептеледі.

9.8. Қарыз беруші Қарыз алушының ақша қаражатын алатын кезде оларды қарыз шарты бойынша берешек өтеміне келесі кезектілікпен жолдайды:

9.8.1. Қарыз шарты бойынша қарыз берушінің Қарыз алушының міндеттемелерін өтеумен байланысты шығындары;

9.8.2. 11.2. т. сәйкес тұрақсыздық айыбының сомалары.

9.8.3. Осы Қағидалардың 8.6.т. сәйкес есептелген Сыйақы;

9.8.4. Осы Қағидалардың 8.5.т. сәйкес есептелген Сыйақы;

9.8.5. Негізгі борыш.

9.8. Қарыз алушының Қарыз шарты бойынша төлемдер жөніндегі міндеттемелері орындалған болып есептелу үшін берешек сомасы Қарыз берушінің есеп айырысу шотына толық көлемде түсуі тиіс.

 

10. ҚАРЫЗ ШАРТЫН ҰЗАРТУ ТӘРТІБІ

10.1. Қарыз шартының талаптарын бұзғаны үшін кінәлі тарап зардап шегуші тарапқа келтірілген залалды Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасында қарастырылған тәртіппен өтеуге міндеттенеді.

10.2. Қарыз сомасы мен есептелген Сыйақы сомасын Қарыз шартында көзделген мерзімде қайтармағаны үшін Қарыз алушы Кепіл ұстаушының талабы бойынша тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті:

— жаңа Қарыз алушылар үшін – 0 -  5000 (нөль – бес мың) теңге мөлшеріндегі тіркелген бөліктен және әрбір кешіктірілген күнге 0 -  3 % (нөл-үш пайыз) мөлшеріндегі мерзімі кешіктірілген негізгі борыш бойынша сыйақыдан тұрады;

— тұрақты Қарыз алушылар үшін – 0- 5000 (ноль - пять тысяч) нөль – бес мың) теңге мөлшеріндегі тіркелген бөліктен және әрбір кешіктірілген күнге 0 - 3 % (нөл-  үш пайыз) мөлшеріндегі мерзімі кешіктірілген негізгі борыш бойынша сыйақыдан тұрады.

Қарыз алушы Қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындау мерзімін кешіктірген күннен бастап тұрақсыздық айыбы есептеле бастайды.

10.2.1. Тұрақсыздық айыбын төлеу қарыз алушыны Қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

10.2.2. Қарыз алушы Қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындау мерзімін екі аптадан артық кешіктірген жағдайда Қарыз беруші бұзылған құқықтары мен өз заңды мүдделерін қорғау үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.

10.3. Қарыз беруші өз құқықтары мен Қарыз берушіге тиесілі ақша қаражатын қайтару жөніндегі мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген барлық қажетті іс-шараларды қолдануға құқылы. Осындай іс-әрекеттермен байланысты барлық шығынды Қарыз алушы көтереді.

10.4. Қарыз алушы қарызды төлеу мерзімін кешіктіріп алған жағдайда немесе қарыз шартында көрсетілген мерзімде берешекті толық өтеуге жеткіліксіз соманы аударған жағдайда Қарыз беруші кредиттік бюроға Қарыз алушының төлем тәртібі туралы қолда бар теріс ақпаратты ұсынуға құқылы.

 

 11. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР.

11.1. Қағидалардың осы редакциясы «_____»__________2017 жылдан бастап күшіне еніп, осы күннен бастап берілетін Өтінімдерге/оферталарға, сонымен қатар осы күннен бастап жасалатын Қарыз шарттарына қолданылады.

11.2. Бұл Қағидаларды қарыз беруші өзінің  https://www.gmoney.kz/ ресми сайтында Қағидалардың жаңа редакциясын жариялау жолымен біржақты тәртіппен өзгерте алады. Қағидаларды Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабына сәйкес өзгерту осындай өзгеріс сәтінде қолданылатын барлық қарыз шарттары үшін біржақты болып мойындалады.

11.3. Тараптар өз қарым-қатынастарын өзара сенім мен конфиденциалдық негізінде құрады. Осы Қағидалардың мәтінінде шешімін таппаған барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі.

11.4. Тараптар келіссөздер барысында бір келісімге келмеген жағдайда дау қарыз берушінің орналасқан жеріндегі сотта қарастырылуы тиіс.

11.5. Қарыз алушы Қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда және қарыз беруші сот органдарына жүгінген жағдайда Берешекті қарыз алушыдан бұйрық өндірісі тәртібімен (сот бұйрығын шығару арқылы) өндіріп алу рәсімі қолданылуы мүмкін.

11.6. Осы Қағидаларда қарастырылмағанның барлығына қатысты тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

 

 

Директоры

;« ЮНИКРЕДО МҚҰ »  ЖШС»                                                            Кан Ю.В.

GMoney компаниясы туралы

Біз интернет желісі арқылы микрокредит беру саласына маманданамыз. Адам барлық ресурсқа компьютер арқылы қол жеткізе алатын қазіргі заманда бұл ауқымды техникалық сілкініс. Біздің онлайн қызметтерімізді пайдалана отырып, Сіз өз уақытыңызды үнемдеп, өз қалауыңызға үйден шықпай-ақ қол жеткізе аласыз! Сізге жәй ғана сайт арқылы қажетті ақпаратты толтырып, барынша қысқа уақыт ішінде кез келген қажетіңізге жұмсауға Қарыз алуға болады.

Клиентке бағдарлану біздің компаниямызға өз қызметін әрбір қарыз алушы үшін жеке қаржылық шешімдерді ұсынуға бағыттауға мүмкіндік береді.

Оқиғалардан хабардар бол

404 отзыва