Біз Сізге қарызды өтеудің өзіңізге ең ыңғайлы тәсілін таңдауыңыз үшін бірнеше төлем нұсқасын қолжетімді еттік.
Сіз микрокредит бойынша төлемді интернет-төлемдерді жасау кезінде қолдануға болатын кез-келген банк картасымен — «Paybox.money» («Freedom Pay») қауіпсіз сервистері арқылы жасай аласыз.
* Сіздің картаңызда интернет-транзакциялар мүмкіндігінің болуын, жарамдылық мерзімін және қаражаттардың болуын қараңыз.
Фискалдық чекті Freedom Pay 7-тармақта көрсетілген электрондық мекенжайға жібереді. Төлемді сәтті жүргізіп болған соң жүйе автоматты түрде сізді Жеке кабинетке қайтарады.
Микрокредитті өтеу үшін келесі реквизиттерді пайдаланыңыз:
| Алушы | «МҚҰ «ЮНИКРЕДО» ЖШС |
| БСН | 191140009869 |
| Банк | «Қазақстан Халық Банкі» АҚ |
| БСК | HSBKKZKX |
| ЖСК (шот нөмірі) | KZ646018771000532541 (KZT) |
| КБЕ | 15 |
3) Төлем мақсаты ретінде қарыз алушының Т.А.Ә. және ЖСН көрсету қажет.
Назарларыңызға саламыз, микрокредитті өтеу кезінде үшінші тұлғалар (соның ішінде банк-эмитент, төлем ұйымы немесе есеп айырысуға қатысатын өзге де тараптар) комиссия ұстап қалуы мүмкін. Ақшалай қаражатты МҚҰ-ның есепшотына аудару кезінде үшінші тұлғалардың пайдасына ұсталған комиссияларды төлеуші өз бетінше төлейді!
Сонымен қатар, қарыз алушының микрокредитті төлем ұйымдарының сервистерін пайдаланбай және қосымша комиссия төлемей, онлайн-банкинг арқылы МҚҰ шотына ақша аудару жолымен өтеуге құқығы бар екенін хабарлаймыз.
Банктің мобильді қосымшасы арқылы төлем жасау сәті мен ақшаның МҚҰ шотына түсу сәті әрқашан бірдей уақытта болмайды.
Банк қосымшасындағы операцияның жасалған күні мен уақыты Сіздің төлем тапсырмасын бергеніңізді растайды, бірақ бұл дәл сол сәтте ақшаның МҚҰ шотына түскенін білдірмейді.
Банкаралық аударымдар төлем жүйелері мен жіберуші банктің қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатындықтан, ақшаның алушыға нақты түсуі кешірек болуы мүмкін.
Шарт талаптарына сәйкес, Қарыз алушының төлеу бойынша міндеттемесі ақша қаражаты МҚҰ-ның банктік шотына түскен сәттен бастап орындалды деп есептеледі, ал мобильді қосымшада немесе банктің сайтында төлемді рәсімдеген сәттен бастап емес.
Осыған байланысты банктер мен төлем жүйелерінің арналары арқылы төлемнің кешігу тәуекелін төлеуші өзі көтереді. Мерзімі өткен берешектің туындауын болдырмау үшін ақшаның өңделу және есепке жату уақытын ескере отырып, төлемдерді алдын ала жасауды ұсынамыз.
Ақша қаражатын қайтаруды рәсімдеу үшін +7 (778) 321-97-50 телефоны арқылы хабарласуыңыз немесе info@gmoney.kz электрондық поштасына өтініш жіберуіңіз қажет.
Өтінішке келесі құжаттарды қоса беру қажет:
Өтініш келіп түскеннен кейін «ЮНИКРЕДО МҚҰ» ЖШС көрсетілген мәліметтерге тексеру жүргізеді. Ақша қаражатының қате немесе қайталанып есептен шығарылғаны расталған жағдайда, қайтару 7 (жеті) жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.
Микрокредит беру шарты бойынша міндеттемелерді орындау кешіктірілген жағдайда, Сіз кешіктірілген күннен бастап 30 күн ішінде «ЮНИКРЕДО МҚҰ» ЖШС-не растайтын құжаттар және жеке куәліктің көшірмесін, себебін көрсете отырып, проблемалық берешекті реттеу туралы өтінішпен жүгінуге құқылысыз. Өтінімді компанияның collection@gmoney.kz поштасына жіберу керек.
Өтінішті қарау мерзімі — 15 (он бес) күнтізбелік күн.
Барлық сұрақтар бойынша: +7 (747) 822-14-73
E-mail: collection@gmoney.kz, info@gmoney.kz
Ресми өкіл: ҚМҚҰҚ (Қазақстанның Микроқаржы ұйымдары қауымдастығы).